Елімізде макарон қымбаттап кетті

Бұл өнімдердің бағасы Атырау, Қызылорда мен Қарағанды облыстарында қатты шарықтады. Бір жыл ішінде макарон өнімдерінің бағасы 11%-ке өскен. Ал өндіріс бірден 13%-ке төмендеді. Energyprom.kz мәліметінше, биыл қаңтар-тамызда Қазақстанда 100,8 мың тонна макарон, кеспе, кускус және өзге де осыған ұқсас ұн өнімдері өндірілген. Алайда бұл былтырғыға қарағанда 13,3%-ке аз. Өңірлер арасында макарон шығару жағынан Шымкент көш бастады – 17,8 мың тонна. Үздік үштікке Нұр-Сұлтан (16,7 мың тонна) және Батыс Қазақстан облысы (15,1 мың тонна) кірді.