Гүлмира Сатыбалдының ісі Астанада қаралады

Алматыда белгілі бизнесмен Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты сот басталды. Оған бизнесті рейдерлік жолмен тартып алды және адам ұрлады деген айыптар тағылған деп хабарлайды Zakon.kz. Айыпталушы орындығында Гүлмира Сатыбалдының жүргізушісі мен көмекшісі де бар. Тергеу мәліметінше, олар екі кәсіпкерді бопсалап, бизнестегі үлесін өз атына жаздырған. Жәбірленушінің бірі — Тұрсын Алагөзов. Ал екіншісі — Айгүл Мекешова. Оған күш көрсетіп, миллиард теңге тұратын компаниясын 375 мың теңгеге сатып алған. Келтірілген шығын көлемі 6 млрд теңгеден асады. Айыпталушы тараптың адвокаттары Тұрсын Алагөзов компаниясындағы үлесі экс-жұбайының атына өтіп кетпеу үшін қасақана өзге адамға рәсімдегенін айтып отыр.