Жоғарғы соттың бірнеше судьясы қызметінен босатылды

Парламент сенатының жалпы отырысында депутаттар ел президентінің Жоғарғы Соттың үш судьясын басқа жұмысқа ауысуына байланысты босату туралы ұсынысын қолдады. “Жоғарғы Соттың судьялары – Салия Вячеслав Қостанай облыстық сотының төрағасы болып, Ескендіров Асан және Қадырбаева Айгүл 1 қаңтардан бастап Қазақстанның Конституциялық сот судьясы болып тағайындалды.