Алматы облысының Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты “Жомарт” саяжайында бір отбасындағы төрт адамы табиғи газға уланып, көз жұмды. Марқұмдар Алматы маңына екі ай бұрын Тараздан көшіп келген. Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, адамдардың уланғаны туралы ақпарат кезекші бөлімнің пультіне сағат кешкі 6–лар шамасында түскен. Оқиға орнына жедел жеткен мамандар 1970 жылы туған отағасы мен оның 3 ұлының жансыз денесін тапты. Балалардың үлкені 13 жаста болса, екеуі 8 жаста. “Отбасы бұл саяжайға екі ай бұрын Тараз қаласынан көшіп келген. Қаза тапқандардың анасы 1973 жылы туған азамат Іле ауданындағы мектептердің бірінде аспаз болып жұмыс істейді. Қайғылы жағдай болған күні марқұм күйеуі таңғы сағат 5-те жұбайын жұмысқа апарып, үйіне қайтады. Шамамен 16.00-де жұмыстан қайтқан әйел оларды өлі күйінде тапқан. Марқұмдар пропан газы баллонынан уланған”, — деді ТЖД өкілдері.