ҰҚК Алматы департаменті бастығының бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұқанов сот шешімімен екі айға қамауға алынды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Мұқановқа және басқа да жауапты мамандарға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық жедел тергеу тобы тергеп жатыр. 2022 жылғы 5 қазанда Талғат Мұқанов сот қаулысымен екі ай мерзімге қамауға алынды.