Өгей әкеге қызын зорлады деген айып тағылды.

Оқиға Түркістан облысында болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай қыз аудандық ауруханаға барғаннан кейін белгілі болған. Медициналық тексеру кезінде дәрігерлер жасөспірім жүктіліктің жетінші айында екенін анықтаған. Фельдшер полицияға кәмелетке толмаған қыз іші ауырғанына шағымданғанын айтқан. “Бұл факт Қылмыстық кодекстің “Зорлау” бабы бойынша тіркелді. Жәбірленушінің өгей әкесі ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Күдікті өзінің ауыр қылмыс жасағанын толық мойындады” делінген хабарламада. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, тиісті сараптама тағайындалған.