Нұр-Сұлтандағы кинотеатрларға 26 желтоқсаннан бастап жұмыс істеуге рұқсат етілді

Нұр-Сұлтандағы кинотеатрларға 26 желтоқсаннан бастап жұмыс істеуге рұқсат етілді. Осы ретте қаланың бас санитария дәрігері карантин және шектеу шараларын бұзу фактісі анықталса, кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылатынын ескертті. Қаулыға сәйкес, кинотеатрлар орындар санын 30%-тен асырмай, көрермендерді екі орын сайын және қатар бойынша шахмат тәртібімен отырғызу арқылы, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жұмыс істеуіне болады. “Кинотеатрлар жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді, акциялар өткізілмейді”, – деді Жанна Пірәлиева.