Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін атқарушы генерал-майор Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Polisia.kz. “Осы жылдың қаңтар айында 2021 жылы алаяқтық жолмен қаржыны иемденіп алу фактісі туралы арыз бойынша ІІМ ішкі қауіпсіздік департаменті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін атқарушы Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бас прокуратура осы қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құзыретіне белгіледі”, – деп жазылған хабарламада.