Қоспаев ҰҚТ мүшелерін шекарадан өткізген

Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Жамбыл облысының прокуратурасы өкілі “Қоспаев” қылмыстық тобының мүшелерін мемлекеттік шекарадан өткізген адам ұсталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, олар Жамбыл облысы аумағында орналасқан мемлекеттік шекарадан елден шығып кеткен. Былтыр 10 қарашада Қордай аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-бөлігі (“Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру”) бойынша қылмыстық іс тіркеген. Ал 11 қарашада Қордай ауданының прокуроры Бірлік Ізбасаровтың қаулысымен полиция және шекара басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен мекемеаралық топ құрылған. “Прокуратура жүргізген үйлестіру жұмыстары нәтижесінде осы адамдар 6 тамызда Сортөбе ауылының маңында брод арқылы мемлекеттік шекарадан өткізуді ұйымдастырған жергілікті тұрғын анықталып, құрықталды”, – делінген хабарламада. Күдікті кінәсін толық мойындады, соталды тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ол прокуратураның бақылауында.