Кәсіподақ жолаушылар мен олардың жүгін бақылауға жауапты әуежай қызметкерлерінің жалақысын көтеруді талап етті. Неміс әуежайлары бірлестігінің мәліметінше, әуежай қызметкерлерінің бір күндік ереуілінен 200 мыңға жуық жолаушы зардап шекті. Мюнхен мен Нюрнберг әуежайында наразылық шарасы болмағанымен, бұл қалаларға баратын барлық рейс тоқтатылды. Lufthansa әуе компаниясы бейсенбі ұшуы керек болған рейстердің бір бөлігін, алысқа баратын рейстерді Франкфурт әуежайынан ұшыруды жоспарлап отыр.