Алматыда жоғалған қару-жарақтың қаңтар оқиғасына қатысы жоқ

Қалалық полиция департаменті осылай деді. Былтыр қылмыстық істер бойынша тәркіленген, сондай-ақ оларды кері сатып алу науқаны аясында тұрғындар тапсырған қару-жарақ жоғалған. “Қарудың жетіспеу дерегін өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеріс барысында анықтады”, – делінген хабарламада. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер жария етілмейді.