Грузиядағы банк филиалында кепілге алынған 43 адам босатылды

Грузиядағы банк филиалында кепілге алынған 43 адам босатылды. Ол үшін Зугдиди қаласында елдің ІІМ арнайы операция жүргізді деп хабарлайды РИА Новости. Қылмыскер қашып үлгерген. Қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Әзірге ведомство бұл іске қатысты мән-жайды нақтыламай отыр. Еске сала кетсек, сәрсенбіде пулеметпен және гранатамен қаруланған басқыншы Грузиядағы банк филиалының ғимаратына басып кіріп, 500 мың доллар талап еткен. Арнайы операция бірнеше сағатқа созылған. Тәртіп сақшылары басқыншының талап еткен ақшасын берген.