Ол үшін америкалық миллиардер Tesla акцияларының екі процентін сатуға дайын екенін айтты. Бұған дейін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бизли Маск өз байлығының екі процентін қайырымдылыққа берсе, адамзатты аштықтан құтқара алады деген болатын. Tesla акцияларының екі проценті – алты миллиард долларға тең. Қазіргі Илон Масктың байлығы 289 миллиардқа бағаланып отыр. Ол қаржылық есеп ашық болған жағдайда адамзатты аштықтан құтқару үшін ақша беруге дайын екенін көпшілік алдында мәлімдеді.