Бұл туралы ол өзінің парақшасында мәлімдеді. Верификациядан өтпеген қолданушылар енді тәулігіне 1 мың жазба ғана оқи алады. Ал тексеруден өткендер 10 мың жарияланымды көруге мүмкіндігі бар. Әлеуметтік желіге жаңадан тіркелгендер күніне 500 жазба ғана көрінеді. Бірақ бұл уақытша шектеу. Илон Масктың айтуынша, мұндай шешім деректерді жинау мен жүйені манипуляциялау әрекеттеріне байланысты қабылданған.