Роман Скляр алдағы жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Ол Екібастұз ЖЭО-лығындағы тәулік бойы жөнделіп қалпына келтіріп жатқан учаскелерді аралады. Станциядағы 10 қазандықтың барлығын жөндеу көзделген, оның ішінде 8 қазандықта күрделі жөндеу жүргізіледі. Бюджет қаражаты есебінен 5 су жылыту қазандығына күрделі жөндеу жасалып жатыр. Облыс орталығындағы жылу желілерінің тозуын азайту мақсатында алғаш рет квартал ішілік желілерді реконструкциялау жүргізілуде. Барлығы 11,7 км жаңа желілер салынады.