Жексенбіден дүйсенбіге қараған түннен бастап тараптар оқ атпауға уағдаласты. Алайда, «Ислам джихады» Израильдің кез келген шабуылына қарымта жауап қайтаратынын мәлімдеді. Бұған дейін Египеттің барлаушылары атысты сағат 23:30-да тоқтатуға үндеген еді. Бітімгерлік келісім күшіне енбей жатып, Газа аумағында зымырандардың ұшырылғаны мәлім болды. Еске сала кетейік, тамыздың 5-інде Израиль әскері мен Палестинадағы «Ислам джихады» қозғалысы бір-біріне оқ ата бастаған.