Алматы қаласының Бостандық ауданына жаңа прокурор келді

Бас прокурордың бұйрығымен бұл қызметке Жакупов Асхат Нұрсерікұлы тағайындалды. Асхат Жакупов еңбек жолын 1999 жылы Алматы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы бөлімінің бас маманы болып бастаған. Әр жылдары Медеу, Жетісу аудандары прокурорларының көмекшісі және аға көмекшісі, Алматы қалалық прокуратура басқармасының прокуроры, Медеу және Түрксіб аудандары прокурорының орынбасары, Алматы қалалық прокуратура басқармасы бастығының орынбасары, басшысы болып қызмет еткен. 2019 жылдан бүгінге дейін Алматы қаласының Медеу ауданының прокуроры болып келді. Прокуратура органдарында 23 жылдан артық еңбек өтілі бар. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.