Экс-банкир Жомарт Ертаев кінәсін мойындады

Экс-банкир Жомарт Ертаев кінәсін мойындады. Алматыда банкирге қатысты сот өтіп жатыр. Оған Bank RBK-ға тиесілі 144 миллиард теңгені заңсыз иемденді деген айып тағылған деп хабарлайды 24.kz. Тергеу мәліметінше, банкир бұл қаражатты 2011-2017 жылдардың аралығында жымқырған. Ертаевпен бірге тағы 36 адамның ісі қаралуда. Естеріңізге сала кетейік, Жомарт Ертаевқа қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған. Олар – қылмысты ұйымдастыру, біреудің сеніп тапсырған мүлкін иемдену және қылмыстық жолмен алынған ірі көлемдегі ақшаны алу.