Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол 2023 жылдың 21 наурызына дейін қамауда болады. Еске салайық, Қайрат Құдайберген 22 сәуірде ұсталған болатын. Артынша, прокуратура алматылық мәслихат депутаты Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінгенін растады.