Алматы полициясы кісі өлтіру мен суицид дерегін тергеп жатыр

Алматы полициясы кісі өлтіру мен суицид дерегін тергеп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде Розыбакиев көшесіндегі “Мега” сауда орталығының ауданында ер адам өзінің құрбысын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Алматы полициясы бұл дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады. “Кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтірудің мән-жайы анықталды. Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқанын хабарлайды”, – делінген хабарламада. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтірудің мән-жайы анықталып жатыр.