Жаңа функция бейнеәңгімелесу өткізу тегін және жеке кабинетте қолжетімді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды. “Жұмыс беруші бейнесұхбат өтетін күн мен уақытты белгілеп, жұмыс іздеушіге шақыру жібереді. Жұмыс іздеушінің электронды поштасына бейнеқоңырауға қосылуға белсенді сілтеме көрсетілген шақыру келеді. Егер ол сұхбаттасудың осындай форматына дайын болса, онда тек белгіленген уақытта бейнеқоңырауға қосылу жеткілікті”, – деп түсіндірді министрліктегілер.