Әйелін балтамен ұрған ер адам 11 жылға сотталды. Оқиға Түркістан облысында болған деп хабарлайды Polisia.kz. Ауыр жарақат алған әйел денсаулығына байланысты шағымдана алмаған соң, жәбірленушінің әпкесі полицияға арызданған.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті 2-3 сағат ішінде аудан көшелерінің бірінен ұсталды. Тергеу барысында ерлі-зайыптылар арасындағы отбасылық жанжалдың туындауы алғаш рет емес екені анықталған. Зардап шеккен әйелге емханада ота жасалды. Бетіне тиген балтадан бір көзі қатты зақымданған. Бас жарақатын алған.