Аружан Саин 111 байланыс орталығына жұмсалған күмәнді шығын туралы айтты

Аружан Саин 111 байланыс орталығына жұмсалған күмәнді шығын туралы айтты. Оған 2017-2019 жылдары мемлекеттік қаражаттан жарты миллиард (533 630 000) теңге жұмсалыпты. “Алғашқы екі жылда 111 байланыс орталығына БҒМ арқылы 166 000 000 теңгеден бөлінді, ал 2019 жылы оның бюджеті 200 000 000 теңге болды.

Бұл сома балалар мен жастарға арналған ұқсас Ұлттық сенім телефонының бюджетінен 13 есе көп”, – деп жазды Саин өзінің Facebook-тегі парақшасында. Балалар омбудсмені Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінгенін, олар істі Есеп комитетіне қайта жібергенін, ал комитет өз кезегінде тексеруден бас тартқанын хабарлады. Уәкіл қазақстандықтарды ақшаны санауды үйренуге және салықтардың қайда жұмсалатынын қадағалауға үндеді.