Энергетика министрі Болат Ақшолақов бекітілген газ бағасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Бекітілген баға 50-75 теңгені құрайды. Нақты құны өңірге байланысты. Әрине сұйытылған газ өндіретін зауыт орналасқан жерде баға 50 теңгеден аспайды. Одан мың шақырым шалғай жерге де газ жеткізу керек. Сондықтан газ бағасы 75 теңгеге дейін барады”, – деп түсіндірді Ақшолақов. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде газ жеткілікті. Әкімдіктер газдың көлемі туралы тұрақты түрде хабарлап отырады. “Біз әрбір әкімдікпен жұмыс істеп жатырмыз. Күнде хабарын алып отырамыз. Егер қандай да бір жағдай болса, сол күні шешуге тырысып отырамыз. Бірақ қазіргі жағдай тұрақты, газ 50-75 теңгеден сатылып жатыр”, – деп атап өтті ведомство басшысы.