Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осылай деп мәлімдеді. Министр жылу энергетика, суды жабдықтау салаларында жалақы төмен екенін айтты. «Өйткені күрделі проблема болған. 5 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны бекіткенде, оны өзгертуге мүмкіндік болмады. Былтыр Парламентпен бірге тиісті өзгерістерді енгіздік. Қазіргі таңда 79 өтініш табиғи монополиялар субъектілерінен келіп түсті. Өтініштер қаралып жатыр. Жалақы 280 мың теңгеден асады. Бірақ кей жағдайда субъектілердің өндірістік жұмысшыларының жалақысы шамамен 135-150 мың теңге болған. Енді біздің мақсатымыз – жалақыны 300 мың теңгеге көтеру. Жылу саласында жалақыны көтеру бірнеше проблеманы шешеді. Оның ішінде кадр тапшылығы, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көтеріледі», – деді министр Қуантыров.