ДСМ ауруханада АИТВ жұқтырған үш науқасқа қатысты тың деректерді бөлісті.

АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 500-ге жуық адамнан сынама алынды. Нәтижесінде Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында емделіп жатқан АИТВ-ның оң мәртебесі бар 3 пациентті анықтады. Тексеру барысында барлық пациент сәуір айында ОКҚА-ның бірнеше бөлімшелерінде медициналық көмек алғаны анықталды. Қазіргі уақытта пациенттердің маршрутын ескере отырып, байланыс шеңбері белгіленуде. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда қан құйылған үш науқас ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны анықталған еді.