Көбейтұз көлінде тұз қоры азайды. Өйткені туристер көлдегі тұзды қаптап алып, коронавирустан емдейтін “дәрі” ретінде сатуға көшкен. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
Айта кетейік, аталған тұзды суда дуналиелла балдыры гүлдейтіндіктен, Көбейтұз көлі қызғылт түске ие. Ақмола облысы мен Ерейментау аймағындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Көбейтұз, Теңіз, Құрбет, Қоржынкөл көліне және Ерейментау ауданының аумағында орналасқан барлық көлге баруға тыйым салынды.