Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ақмолалықтар арасында, оның ішінде Көкшетау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күрт өскенін атап өтті. Аймақ басшысының айтуынша, дертпен күресу үшін Көкшетау қаласына кіреберіс жолдарға амалсыздан санитарлық постар қойылады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. Аймақ басшысы тұрғындардың сақтық шараларына салғырт қарап отырғанына алаңдаушылық білдірді. Мысал ретінде, Семизбай кеншіндегі 500 жұмысшының 46 коронавируске шалдығуына байланысты, тұтас кәсіпорынды жабуға тура келгенін айтты. Айта кетейік, елде өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді.