Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қызыл жалын шарпыған баспанада 2 ер адам болған. 39 жастағы жігіт сыртқа шығып үлгерсе, 47 жастағы азамат өрт құрсауында қалып қойған. Тілсіз жау таңғы сағат 10-нан асқан уақытта тұтанған. Аман қалған ер адам ауруханаға жеткізілді. Ал екінші адамның мәйітін құтқарушылар өрт сөндіру кезінде тапқан. Куәгерлердің айтуынша, олар үйде ішімдік ішіп отырған. Өрт сараптамасы тағайындалды. Қызыл жалынның неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Тілсіз жауды сөндіру барысында бір газ баллоны жарылды. Абырой болғанда құтқарушылар зардап шеккен жоқ. Ал оған дейін тағы бір газ баллоны сыртқа шығарылған.