Қарағанды тұрғынын 12 миллион теңгеге алдап соққан “балгер” ұсталды

41 жастағы қала тұрғыны әлеуметтік желілердегі “Тегін жору” деген жарнамаға көзі түсіп, алаяқтың құрығына іліккен. “Хат алмасу барысында белгісіз азамат жәбірленушінің сеніміне кіріп, оны адастырған. Осылайша, өтініш беруші онлайн-аударымдар арқылы шам мен салтқа керек-жарақтарды сатып алуға жалпы сомасы 12 миллион 266 мың теңге аударған. Бірақ тапсырыс жасалмаған. Алданып қалғанын түсінген әйел полицияға жүгінді”, – деді Қарағанды облысының ПД өкілі. 23 жастағы “балгер” жігіт өз кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. Бұл дерекке қатысты “Алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері жігіттің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.