Газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілді. Оның бірінің денесінің 20 пайызын күйік шалды. Ақмола облысының ТЖД мәліметінше, жарылыс салдарынан гипсокартон пәтераралық қабырғалар мен балкон қирады. Құтқарушылар үш адамды эвакуациялады, оның екеуі бала. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері мобильді пункт ұйымдастырып, тұрғындарға психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Одан бөлек, 52-09-50 жедел желі ұйымдастырылды.