Жамбылда шөптің бағасы аспандап кетті

Содан қазір мал азығы тапшы. Сол себепті тығырыққа тірілген бір топ шаруа жем-шөпке субсидия беруді сұрап отыр. Шаруалар өңір басшысына аудандар дұрыс ақпарат бермейді дейді. Олардың айтуынша, бұлай жалғаса берсе төрт-түлік түгел қырылып қалады. Биылғы қуаңшылықтан шаруалардың көбі шығынға батқан. Кейбірі малымыздың 40%-ке жуығы қырылып қалды десе, екіншілері егістіктің күйіп кеткенін айтады. Үкімет жамбылдық шаруаларға былтыр берілуі тиіс 8 миллиардқа жуық теңгені әлі бермеген. Оның 1 млрд 190 миллион теңгесі – жем-шөпке берілетін субсидия екен.