Елде көлік салығы сол күйі сақталатын болды. Бұл жөнінеде ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Бұған дейін дәл осы ведомство көлемі 4 литрге дейінгі көліктер үшін салықты алып тастауды ұсынған болатын. Енді министрлік бұл ойынан айнып, салыққа қатысты ұстанымын өзгертусіз қалдырды. Мұның себебін 2025 жылы мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығына көшу жанар-жағармай бағасының өсуіне алып келеді деп түсіндірді.