Қазақстандықтардың қарызы кешірілуі мүмкін

Қазақстандықтардың қарызы кешірілуі мүмкін. Жеке тұлғалардың проблемалық микрокредитін кешірген микроқаржы ұйымдарының кірісіне 3 жыл бойы салық салынбайды. Парламент мәжілісі тиісті түзету көзделген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. “Бүгінгі күні баршамызды толғандырып жүрген өзекті мәселелердің бірі – халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту. Ол үшін жеке тұлғалардың берешегі микроқаржылық ұйымдармен, коллекторлық агенттіктермен кешірілген кезде қалыптасатын кірістерді салық салудан босату көзделіп отыр”, – деді мәжілісмен Мәди Такиев.