Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Апелляциялық шағымды оның бұрынғы орынбасарлары да берген. Сәуір айының соңында Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған болатын. Ол мемлекетке опасыздық жасап, билікті күшпен басып алу әрекеті және билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.