Қазақстанда конструктор көліктерді заңдастыру басталды

Қазақстанда 22 мамыр күні автомобиль-конструкторларды заңдастыру басталады, деп хабарлайды «Хабар 24». Ішкі істер министрлігі мәлімдегендей, автоконструкторлардың иелеріне автоматты түрде бас тарту немесе Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қолда бар құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберілетін болады. Орталық қызметкерлері көлік құжаттарының дұрыстығын тексеріп, электрондық мақұлдау парағына деректерді енгізген соң қайтадан онлайн-өтінім беріледі. Бұдан кейін сарапшы-криминалист көлікті тексереді. Мұндай көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым мөлшерлемесі – 200 мың теңге. Министрліктің деректері бойынша, елімізде барлығы 14 мың автомобиль-конструктор бар. Заңдастыру биыл 1 шілдеге дейін жалғасады.