Елордада карантинге қарамастан ірі ұтыс ойынын ұйымдастырған кәсіпкер 670 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24». Бірақ ол кінәсін мойындап, жеті күн ішінде айыбын өтеуге келіскендіктен 335 мың 455 теңге төлейді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемесі тарапынан осындай шара қолданылды. Кәсіпкер гүл дүкенінің ашылуына байланысты 2 мың адамның қатысуымен ұтыс ойынын ұйымдастырып, сыйлыққа 2 автокөлік тіккен. Санитарлық ережелерге мүлде сай келмейтін әрекетке барып, келушілердің денсаулығына қауіп төндірген.