Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мәліметінше, «Eurotransit Nur Zholy» ЖШС Қытайдың бейтарап аумағынан келетін жүк тасымалына бағаны заңсыз өсірген. Көлеңкелі бизнестен түскен табыс 4,2 млрд теңгені құраған. Тергеп-тексеру барысында серіктестік басшысы кінәсін мойындады. Ол мемлекет қазынасына 5,3 млрд теңгеден асатын шаруашылық активтерін қайтару туралы өтініш берді.