Кеденде қаржы жымқырған компанияға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мәліметінше, «Eurotransit Nur Zholy» ЖШС Қытайдың бейтарап аумағынан келетін жүк тасымалына бағаны заңсыз өсірген. Көлеңкелі бизнестен түскен табыс 4,2 млрд теңгені құраған. Тергеп-тексеру барысында серіктестік басшысы кінәсін мойындады. Ол мемлекет қазынасына 5,3 млрд теңгеден асатын шаруашылық активтерін қайтару туралы өтініш берді.