Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова осылай деді. Арнаулы төлем зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін 55 жасқа толған отандастарға беріледі. «Төлем 4 көзден қарастырылған: республикалық бюджеттен – 2, жұмыс берушіден – 1, ең төменгі күн көріс деңгейі мөлшерінде, сондай-ақ өмірді сақтандыру компаниясынан және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жүргізіледі», – деді спикер сенат кулуарында. Жаңа төлемнің орташа мөлшері – 200 мың теңге.