Сенат шахтерлерге арналған төлем мен қоғамдық бірлестіктерге қатысты заңды мақұлдады

«Қолданыстағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына азаматтық қоғам құруда жаңа мүмкіндіктер беретін нормалар енгізіліп отыр. Сонымен қатар, Әлеуметтік және Еңбек кодекстеріне еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізу бойынша түзетулер жасалды. Бұл төлемді еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін азаматтар 55 жасқа толғанда, сондай-ақ кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса, жұмысынан кеткенде немесе басқа жеңіл қызметке ауысқан кезде алады», – деді сенатор Әсем Рахметова.