Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмысшылар үшін қосымша міндетті зейнетақы жарналарын жасауға тиіс болады. Бастапқыда жарнаның көлемі жалақының 1,5 процентіне тең болса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5 процентке дейін көтеріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай деді. Бұл шара отандастардың жас буынын қолдауға бағытталған. Себебі олардың зейнетақы мөлшері зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады.