Семей орманындағы өртке техниканың жетіспеушілігі себеп

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев осылай деді. Орман шаруашылығы мекемелері техникамен 70 пайызға ғана қамтамасыз етілген. Оның алпыс проценті тозған. Естеріңізге сала кетейік, Семей орманындағы алапат өрттен орман саласының 15 қызметкері қаза тапты. Министрдің айтуынша, биыл қалыптасқан жағдайды дұрыстау мақсатында техниканы жаңартуға 13 млрд 400 млн теңге бөлінді. Семей орманына 10 өрт сөндіру машинасы, 14 өрт сөндіру шағын кешені, 8 өрт сөндіру прицепі жеткізіледі. Бұдан бөлек, үкімет резервінен өртке қарсы 4 400 киім сатып алуға 918 млн теңге бөлінген. Одан бөлек, табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін жарақтандыруға 68 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.