Келер жылдан бастап жәрдемақылар әлеуметтік әмиян арқылы беріледі. Елімізде әлеуметтік төлемдерді электрондық ақша түрінде аудару жоспарланып отыр. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Әлеуметтік әмиян жыл аяғында енгізіледі. Бұл әмиянның өзі қазақстандықтың ЖСН базасында құрылады. Ол шоттағы қаражат банктер, коллекторлар, салық органдары тарапынан өндіріп алудан қорғалады. Электронды ақшаны алушыға әлеуметтік кабинет әзірленеді. Оған қашықтан тіркелуге мүмкіндік беріледі. Десе де азаматтар мемлекеттік көмекті электрондық ақшамен бе, әлде банк картасымен ала ма өздері таңдайды.