Токио Олимпиадасында Нұрислам Санаев жартылай финалға шықты

Токио Олимпиадасында Нұрислам Санаев жартылай финалға шықты. Балуан еркін күрес жарысында алғашқы қарсыласын жеңді. 1/8 финалда отандасымыз Гвинеи-Бисау өкілі Диамантино Юна Фафемен белдескен. Қазақстандық балуан қарсыласын 7:0 есебімен жеңді. Енді Нұрислам Санаев ширек финалда әлем чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен кездеседі. Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленді.