Бұрынғы денсаулық сақтау министрінің адвокаты Дмитрий Куряченко келтірілген күдіктің негізсіз екенін, Елжан Біртановтың ешқандай кінәсі жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды zakon.kz. Заң маманы Біртановқа қатысты іс сұрақ-жауап алу деңгейінде, тергеу түрінде жүріп жатқанын атап өтті. “Келтірілген күдік негізсіз, – дейді Куряченко . Ол белгілі дәрігерлер мен қоғам қайраткерлері араша түсіп, жазған хаттары істе маңызды рөл атқаратынын атап өтті.