Екпенің екі жаңа үлгісі зертханалық сынаққа жіберілді. Алматыдағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының мамандары вакциналардың тиімділігін зерделейді деп хабарлайды 24.kz. Айта кетейік, иыққа салынатын екпенің бірі австралиялық ғалымдардың көмегімен шығарылса, екіншісі Огайо штатының университетімен бірлесіп әзірленген. Екпенің бұл түрі мұрынға тамызылады. Жаңа вакциналар бұған дейін жануарларға егіліп, бірнеше рет шағын лабораториялық тексеруден өткен. Қазақ аграрлық зерттеу университеті жанындағы вакционология халықаралық орталығының директоры Қайсар Табынов осылай деді.