Мусин Ashyq деректері салық органдарына беріледі деген ақпаратқа пікір білдірді

Желіде осындай ақпарат тараған болатын. “Ashyq COVID-19 пандемиясы кезінде елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында құрылды. Ashyq енгізілгеннен бері қосымша мақсаты өзгерген жоқ. Бір жылдан аса уақыттан бері Ashyq карантин шаралары кезінде қызметті жалғастыруға мүмкіндік берді. QR-кодты сканерлеу кезінде пайдаланушының ЖСН-і деректер базасында сақталмайды, сәйкесінше ақпарат ешқайда берілмейді. Ashyq нақты тұлғаның қайсы мекемеге кірген-кірмегені туралы ақпарды тіркемейді”, – деп түсіндірді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі. Ведомство мәліметінше, “тек келушілер саны туралы деректер” сақталады. Бұл коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде жоба “көшбасшылары” мен “сырттан келгендерді” анықтау үшін енгізілген. Ол дерек кәсіпкерге де, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге де беріледі.