Екпенің бағасы 10 доллардан аспайды. Бұл туралы Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев БҰҰ-ға вакцинаны таныстыру барысында мәлімдеді. Сондай-ақ, ол шетелдік алаңдарда “Спутник V” вакцинасы өндірісінің көлемі наурызға қарай айына 40 миллион дозаны құрайтынын атап өтті. Айтуынша, бұл цифр әлі де өсуі мүмкін. Ресейлік өндірушілер ішкі нарықты қамтамасыз еткеннен кейін, вакцинаны экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Бүгінде елуден астам елден 1миллиард 2 миллион дозаны сатып алуға өтінім түскен.