Шығыс Қазақстаннан келген пәтер тонаушылар тобы қолға түсті

“Горный Гигант” шағын ауданындағы үйлердің бірінен шыққан бес адамды арнайы жасақ сарбаздары күтіп алған, деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыстық топқа ШҚО-ның бес тұрғыны мүше болған. Олар бұған дейін де мүліктік қылмыстары үшін сотталған. Ұсталарының алдында қарақшылар пәтерді тонап, ақша салынған сейфті, алтын бұйымдар, заттар мен екі ноутбукты ұрлап шыққан. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ер адамдардың Медеу ауданында осыған ұқсас тағы үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Құқық қорғаушылар қылмыс географиясы мегаполистегі бір ауданның шеңберінен шығуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қазір осы болжам тексерілу үстінде.